Об учреждении

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының арнайы сайтында Сіздермен сәлемдескеніме шын жүректен қуаныштымын. Біздің басқарманы әлемдік ақпаратты жүйеге енгізу тек қана халықаралық ақпаратты қауымдастық алдына біздің беделімізді көтеру емес, сонымен бірге оның жан-жақты дамуындағы ақиқатқа негізделген рөлін көрсетеді. Ақпараттың дамуын жаңа кезеңіне өту бізге басқа мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік және ынтымақтастықты реттеуге мүмкіндік береді, халықтың барлық бұқаралық топтарымен қажетті ақпаратты алмасу барысын жылдамдатып, жетілдіреді. Сіздер біздің атқарған жұмыстарымыз туралы ақпарат алып, қарастырылған мәселелер жөнінде өз ұсыныстарыңызды бере аласыздар. Біздің сайттағы ақпараттар тұрақты түрде, ол қажет еткен тұлғалардың барлығына көмектеседі.

Хабарландыру

“Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесінде сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін сенім телефоны жұмыс істейді.Сіздер басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларын, мемлекеттік қызметі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарды бұзу фактілері жөніндегі ақпаратты 56–41-27 телефоны бойынша хабарлай аласыздар.


«ТАЗА ЖАҒАЛАУЛАР» АКЦИЯСЫ

Акцияны Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ Бағдарламасының (ЮНЕП) қолдауымен көлді аймақтардың Халықаралық Қауымдастығы өткізеді және 5 маусымдағы Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған.

Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күні планетаның түкпір-түкпіріндегі адамдар осындай іс-шараларға шығады. Аталмыш акцияны Қарағанды облысында да аймағымыздың өзендері, көлдері мен су қоймалары жағалауларында өткізу жоспарланып отыр.

Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ үшінші Ассамблеясында әлемнің көптеген елдерінің делегаттары өз аймақтарында планетаны пластикалық ластауға қарсы тұрып, соққы беруге барлық күш-жігерлерін жұмсауға уәде берді. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның # ПластикпенЛастауғаҚарсылық үндеуін қолдайды, өйткені көлді экожүйелерді қатты ластаушылардың ішінде осы материал бәрінен жиірек кездеседі.

Микропластикке қарсы күресу қиын, ұзақ және шығынды. Адамдар әзірше бұл материалға баламаны тапқан жоқ және оны орасан зор көлемде шығаруды жалғастыруда. Алайда біздің әрқайсымыздың күш-жігеріміз тірі табиғатқа қалдықтардың үстемелей түсуіне жол бермеуге, су айдындарының жағалауларын синтетикалық қалдықтан тазалауға жетеді.

Пластикпен ластауға соққы берейік! Тұмса табиғаттың жаратылыстағыдай тазалығын қалпына келтіруге көмек беру үшін, 2018 жылғы 5 маусымда бір кісідей «Таза жағалаулар» акциясына шығайық. Әлемді әсемірек, жақсырақ етуге біздің күш-қуатымыз әбден жетеді!

Облысымыз бен қаламыздың барлық тұрғындарын аталған «Таза жағалаулар» акциясына қатысып, өзендердің, көлдер мен су қоймаларының жағалауларын қалдықтан тазалау шарасына атсалысуға шақырамыз.

Мемлекеттік орман қорының аумағында көктемгі

ағаш отырғызу бойынша баспасөз парағы

Қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау проблемасы айрықша көкейкестілікке ие болып, аса маңызды мемлекеттік міндеттердің біріне айналуда. Ал осы мәселенің шешілуіне бүгінгі ұрпақтардың ғана емес, сонымен бірге болашақ ұрпақтардың да әл-ауқаты байланысты екені анық.

Бұл тұрғыда облыс аумағының ормандылығын арттыру мақсатымен орман ресурстарын қорғау, ұтымды пайдалану, молықтыру және орман өсіру ерекше орын алады.

Жыл сайын көктемде Жұмыс және Орман орналастыру жобаларына сәйкес ведомствоға бағынысты мекемелердің мемлекеттік орман қорының аумағында орман молықтыру және орман өсіру жүргізіледі.

2018 жылы 1610,7 мың дана стандартты отырғызу материалы, көшеттер өсірілді, олар биылғы көктемде мемлекеттік орман қорында ағаш отырғызуға пайдаланылатын болады. 2018 жылы ағаш отырғызу үшін 419 га алаңда топырақ дайындалды.

2018 жылы барлық ведомствоға бағынысты мекемелер бойынша 419 га алаңда орман дақылдарын отырғызуды жүргізу жоспарланып отыр, онда жайпақ жапырақты және қылқан жапырақты тұқымдастардың 1 млн. 452 мың дана көшеттері отырғызылатын болады.

Соның ішінде бүгінгі күнге Ақтоғай КММ бойынша – 30 га, Жаңаарқа КММ – 16 га, Қу КММ – 20 га, Қарағанды орман шаруашылығының Шахтинск учаскесінде 100 га ағаш отырғызуды аяқтады, шегіршін және шаған жапырақты үйеңкі дақылдары отырғызылған Теміртау КММ – 53 га жердің 48 га алаңын еңсеріп тастады.

140 га Саран және 60 га Қарағанды (соның 28 га алаңында 125 мың дана кәдімгі қарағайдың көшеттері бар) учаскелерінде ағаш отырғызу жалғастырылуда.

Кәдімгі қарағайдың екіжылдық екпе көшеттері ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Республикалық орман селекциялық орталығы» РМКК-дан сатып алынды