Вакансии

Жауапты тұлға : Дюсембекова Айжан Жұматайқызы – персоналды басқару бойынша бас маман. Тел: (7212)564644. Эл.мекен-жайы: a.dyusembekova@karaganda-region.gov.kz

Конкурстық комиссияның соңғы отырысының

№4 ХАТТАМАСЫ

2019 жылдың 26 наурызы город Караганды

Қатысқандар:

Комиссиясының төрағасы:

Асет Нурмуханович Тазабеков Басшының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Жансая Амирзадаевна Шайзадаева жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің экологиялық реттеу бойынша бас маманы
Бахтияр Жуматаевич Санбаев Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар әлемін қорғау бөлімінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар бөлімінің басшысы
Айганым Мараткызы Шайкина Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы
Айжан Жуматаевна Дюсембекова қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ персоналды басқару бойынша бас маманы

Комиссия хатшысы:

Гульмира Галидуллаевна Апакова қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ бас маман – заңгері

 

Күн тәртібі:

Үміткерлерді ұсынылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалау және әкімшілік мемлекеттік бос лауазымды орынға тікелей орналастыру үшін:

  1. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы бос жарияланған лауазымға 3 өтініш түсті.

конкурстық комиссия өткізілген әңгімелесуді және ұсынылған құжаттарды бағалап

 

Шешті:

  1. Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ММ жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы бойынша Кәрімованы Мөлдірді Зиадақызын кандидатурасы ұсынылсын;
Комиссиясының төрағасы: А.Н. Тазабеков

Комиссия мүшелері:

Ж.А. Шайзадаева
Б.Ж. Санбаев
А.М. Шайкина
А.Ж. Дюсембекова

 

Комиссия хатшысы: Г.Г. Апакова

 

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға  кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі

Р/с А.Т.Ә. Бос лауазым Әңгімелесу өткізетін мерзімі

 

1 Бакуазова Асем Аязбаевна Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы – сарапшы №7-2 20.03.2019ж.

сағат 10.00

2 Жукеев Арсен Анатольевич Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы – сарапшы №7-2 20.03.2019ж.

сағат 10.00

3 Кәрімова Мөлдір Зиадақызы Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы – сарапшы №7-2 20.03.2019ж.

сағат 10.00

 

«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»

 

18 наурыз 2019 жыл

 

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орынына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы – сарапшы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына

Бакуазова Асем Аязбаевна

Жукеев Арсен Анатольевич

Кәрімова Мөлдір Зиадақызы

 

                             

5 наурыз 2019 жыл

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орынына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің хабарламасы

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:                                                                                                                                        D-О-4 санатына: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оның хабарлоандыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

– Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

    

 

Санаты Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы
  min max
D-О-4 83 353   112 376

 «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (100008, Қарағанды қаласы, Лободы көшесі, 20 үй,  анықтама телефоны: 8(7212) 564644, электрондық пошта: a.dyusembekova@karaganda-region.gov.kz) төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орынына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ  жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы – сарапшы (санаты D-O-4, 1 бірлік, №7-2)

Функционалдық міндеттері:

ІІ, ІІІ, ІV санат (3,4 және 5 қауіптілік сыныбы) объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету, методикалық басшылықты ұйымдастыру және құрылыс, өңдірістік объектілерді реконструкциялау жобаларын қарастыру және экологиялық қорытынды беру кезеніңде Қазақстан Республикасының  жобалық ұймдарымен өзара әрекет жүргізу.  Құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуіне қоғамдық тыңдаулар өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі: жоғары «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (геоэкология және табиғат пайдалануды басқару) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, (салалық бойынша) қолданбалы экология, өңдірістік экология, қоршаған ортаны инженерлік қорғау, геология және пайдалы қазбалар) немесе «жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары бойынша (экология, экология және табиғат пайдалану, агроэкология); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»  Заңдарын, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының Су кодексін, Қазақстан Республикасының Жер кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

1)уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2)3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың;

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Егер азамат қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді. Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкрс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы  құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ электрондық почтасы арқылы  берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, соңымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссияның отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________________
__________________________________________________________________

________                                               ___________________________________
(қолы)                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
3. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы(болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары(болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені(болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі(болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕКЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата


Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2018 жылғы 14 тамызға бос орындар туралы ақпарат

Р/с Лауазым атауы Санаты Бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес білімі
1 Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің басшысы D-O-3 Жоғары:

«қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (геоэкология және табиғат пайдалануды басқару), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, (салалық бойынша) прикладная экология, өндірістік экология, қоршаған ортаны инженерлік қорғау, геология және пайдалы қазбалар) немесе «жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары бойынша (экология, экология және табиғат пайдалану, агроэкология).

2 Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы-сарапшы D-O-4 Жоғары:

«қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (геоэкология және табиғат пайдалануды басқару), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (қоршаған ортаны қорғау мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, (салалық бойынша) прикладная экология, өндірістік экология, қоршаған ортаны инженерлік қорғау, геология және пайдалы қазбалар) немесе «жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары бойынша (экология, экология және табиғат пайдалану, агроэкология).

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

Қарағанды қаласы 20 сәуір 2018 жыл

1.№8-2 (санаты D-О-4) жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы-сарапшы лауазымы бос болып саналсын.

2.№8-4 (санаты D-О-4) жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің экологиялық реттеу бойынша бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Жансая Амирзадаевна Шайзадаева ұсынылсын.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға

кандидаттармен әңгімелесу өткізу кестесі

Р/с А.Т.Ә. Бос лауазым Әңгімелесу өткізетін мерзімі

1 Кенжин Жандос Даутович Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы – сарапшы №8-2 19.04.2018ж. сағат 15.00

2 Шайзадаева Жансая Амирзадаевна Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің экологиялық реттеу бойынша бас маманы №8-4 19.04.2018ж. сағат 15.00

«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»

17 сәуір 2018 жыл

Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

1.Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы – сарапшы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына

Кенжин Жандос Даутович

2.Жобаларды экологиялық сараптау және экологиялық реттеу бөлімінің экологиялық реттеу бойынша бас маманы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына

Шайзадаева Жансая Амирзадаевна

5 сәуір 2018 жыл